Павлодарлықтарға жеке брендті дамытудың қыр-сырларын түсіндіреді

Павлодарлықтарға жеке брендті дамытудың қыр-сырларын түсіндіреді
Фото: pexels.com / Leeloo The First

Тренингті Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«BrandBoost: Жеке бренд және маркетинг» тренингі 28 маусым күні сағат 14:30-да Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан Жастар орталығында өтеді.

Қатысушыларды жеке тұлғаның және мақсатты аудиторияның талдауы күтеді, спикер брендті жылжытудағы әлеуметтік желілердің маңыздылығы, дәстүрлі жарнама әдістері мен маркетингтік стратегиялар туралы айтып береді.

Қосымша ақпарат алу және алдын ала жазылу үшін +7(707)665-58-03 телефоны бойынша хабарласуға болады.