Павлодарда шаруаларға лизингке өтінім беруді үйретеді

Павлодарда шаруаларға лизингке өтінім беруді үйретеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл уақытты үнемдеуге және процесті жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

22 тамыз күні сағат 11:00-де облыстық Кәсіпкерлер палатасының алаңында «ҚАЗАГРОФИНАНС» АҚ өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған оқыту өткізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін қаржыландыруға өтінім беру мен қарастырудың автоматтандырылған процесін енгізуге байланысты агроөнеркәсіптік кешен субъектілері уақытты үнемдеу және ыңғайлылық үшін қоғамның ресми сайтында өтінім бере алады: https://online.kaf.kz/.

– Іс-шараның мақсаты – инновациялық қаржыландыру бағдарламаларын, соның ішінде 6% және 5% жеңілдетілген лизингті, «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын және агролизингті жедел енгізу, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Оқыту Луговая көшесі, 16, 3-қабат, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы, 316-кабинетте (конференц-зал) өтеді. Сонымен қатар, Zoom платформасында онлайн қатысуға болады: https://us06web.zoom.us/j/6533991696?pwd=tR5SNHaVwmIya2QvhWvjBoYH2Ua0AP.1&omn=86739805119.

Конференция идентификаторы: 653 399 1696.

Кіру коды: AJgM4p.