Павлодар ауданында Ертіс-Успен каналынан 40-тан астам қожалық су алатын болады

Павлодар ауданында Ертіс-Успен каналынан 40-тан астам қожалық су алатын болады
Фото: Константин Шелков

Алайда олар бұл іске бір жылдан кейін ғана кіріседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко мәлім етті.

Ертіс-Успен каналындағы құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарлануда. Электрмен жабдықтау жүргізілуде.

 – Биылғы жылы алты шақырымдық электр желілері, қосалқы станция, сорғы қондырғылары жабдықталмақ. Өңдеуді ескере отырып, жұмыс келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында аяқталады. Келер жылдың мамыр айында суаруды қолға аламыз, – дейді Николай Дычко.

Канал суармалы жер көлемін екі есеге, яғни, 10 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаның арқасында шаруалар жем-шөп алып, жергілікті нарықты көкөніс пен картоппен қанықтырады, сол арқылы баға тұрақталмақ.

Бұған дейін әкімдік қажетті инфрақұрылымды: электрмен, сумен, көктемде жол жүрумен толық қамтамасыз етіп отырған болатын.

Еске сала кетейік, бұл жоба өткен жылы аяқталады деп жоспарланған болатын. Бірақ 2021 жылы жұмыс тоқтап қалды: республикалық бюджеттен қаражат түсу тоқтатылған соң канал құмға толып, шөп басып қалған болатын.