Павлодарда жасөспірімдер есірткіге «жоқ» деді
Ойын түрінде олардың жаһандық мәселеден хабардарлығы тексерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана баспасөз қызметінің мәліметінше, Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері «Мен өмірді таңдаймын!» атты психологиялық ойынын ойнады.
– Қатысушылар өз өмірлерінде болуы мүмкін жағдайды талдап, есірткіні қолданудың пайдасына және оған қарсы күшті дәлелдер келтіруге тырысты, қарама-қарсы ұғымдармен байланыс құрды: қуаныш пен қайғымен; есірткімен өмір сүру және салауатты өмір, ақыл мен ақылсыздық, – дейді ұйымдастырушылар.
Балалар мен отбасы психологы Ирина Катаманина жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі проблеманы қозғап, осы қиын кезеңде туындайтын мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.