Екібастұзда жылу жүйесін жаңғырту жұмыстары қалай жалғасуда?

Екібастұзда жылу жүйесін жаңғырту жұмыстары қалай жалғасуда?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биылғы жылы қаладағы №2 және №7 жылу магистральдарында қайта құру жұмыстары жүріп жатыр.

–   Мердігер ұйымдар тиісті ресурстармен қамтамасыз етілген. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, – деді қала әкімі Аян Бейсекин Instagram парақшасында.

Бұл ауқымды жобалардың сапалы жүзеге асырылуы басты назарда. Сондықтан қала әкімі техникалық және авторлық бақылаудың алдында қатаң талаптар қойды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы апатты жағдайда тұрған 7-ЖМ және 2-ЖМ жылу магистральдерын қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. №7 магистраль Әуезов көшесінен «Hyundai» орталығына дейінгі аумақты алады.