Павлодарлық сенімсіздер тізіміне енген салық төлеушілерді қалай анықтауға болады?

Бұл тізімге уақытында салық төлемейтіндер кіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасында салық міндеттемелерін уақтылы және адал орындамайтын салық төлеушілер сенімсіздер тізімге енуі мүмкін екені айтылды:
- пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген және ЖК үшін 10 АЕК-тен астам, ЗТ үшін 150 АЕК-тен астам берешегі бар;
- әрекетсіз деп танылған, яғни белгіленген мерзімнен кейін бір жыл ішінде декларация (есептілік) ұсынбаған;
- жалған кәсіпорындар деп танылған;
- банкрот деп танылған;
- заңды мекен-жайы бойынша жоқ;
- тіркелуі жарамсыз деп танылған.
Егер ЖК мен ЖШС сенімсіз тізімге енген жағдайда, салық міндеттемелерін толық көлемде орындау қажет: есептілікті тапсыру, салықтарды төлеу және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 272-бабы бойынша хаттама жасау үшін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну.
Сенімсіз салық төлеушілердің тізімі ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz сайтында «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық қызметтер» мәзірінде жарияланған.