Успен ауданында ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурс жарияланды

Шаруаларға екі мыңнан астам гектар жер учаскелері беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 10:00-де аудандық жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Жалпы ауданы 2 304,55 гектар болатын жер учаскелері шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге беріледі. Оның ішінде 539,25 гектары – егістік, 1 550,4 гектары – жайылым, 214,9 гектары – басқа алқаптар.
Жер учаскелерінің толық тізімі жергілікті баспасөзде және әкімдік сайтында жарияланған.