Павлодарлық суретшілердің жұмыстары Беларуссияда жоғары бағаланды
«На своей земле» халықаралық байқауы Беларуссияның Смолевичи қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталған байқауда Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 45 оқушысы өз жұмыстарын ұсынды. Дәстүрлі байқау жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 7-18 жас аралығындағы жас суретшілердің қатысуымен өтеді.
Байқаудың шарттары бойынша қатысушылар «Реставрация және реставраторлар» атты еркін тақырыптағы жұмыстарды жолдады. Байқау қорытындысы бойынша 12 павлодарлық қатысушы жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
– Бұл байқау біздің тәрбиеленушілерге өте ұнады, балалар педагогтармен бірге суреттің тақырыптарын таңдайды. Сурет салуға деген ұмтылыс пен жұмыс тақырыбы сәйкес келсе, бұл жақсы нәтиже береді, – дейді мектеп басшысы Ләйлә Мукарамқызы.
Байқауда өңір намысын қорғаған тоғыз оқушы дипломат атанды. 7 жастағы Вера Черновол аралас техникасында орындаған «Қаздар» жұмысы үшін, 14 жастағы Яна Родкина аралас техникадағы орындаған «Скрипка шебері» суреті үшін байқаудың лауреаттары атанса, 7 жастағы Мирай Мұса графика техникасында орындаған «Құстар оңтүстікке ұшады» сурет байқауының абсолютті жеңімпазы атанды.