Павлодар облысында «Ертіс жастары» бағдарламасына қатысушылар іріктелді

Павлодар облысында «Ертіс жастары» бағдарламасына қатысушылар іріктелді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Негізгі тізімге денсаулық сақтау, білім беру салаларында жұмыс істейтін жас азаматтар енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Кенжегүл Жолжақсинованың сөзінше, «Ертіс жастары» жас мамандарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына өтінімдерді қабылдау мерзімінің басынан бастап 280-нен астам өтініш келіп түсті. 

– Жеңілдікпен несие беру бағдарламасына қатысушылардың ішінен 38 адам негізгі тізімге кірді. Олар Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөліміне жолдама алып, төлем қабілеттілігін тексеру үшін 10 жұмыс күні ішінде Отбасы банкіне жолданады,– деді Кенжегүл Жолжақсинова. 

Іріктеу тәртібі балдық жүйемен өткізілді Бірінші критерий-неке мерзімі, некенің әр жылы үшін бір балл беріледі. Екіншісі-балалардың болуы, әр бала үшін екі балл қосылады. Үшіншісі-таңдалған саладағы жұмыс өтілі, әр жыл үшін екі балл қосылады. Үміткерлердің ішінен көп балалы педагог әке ең көп балл жинаған. Ол 46 баллмен тізімнің алғашқы тармағында тұр. Толық тізіммен тұрғын үй қатынастары бөлімінде көруге болады.

Бағдарламаларға қатысушы төлем қабілеттілігін тексергеннен кейін 60 күн ішінде бастапқы пайдалануға берілген және екінші нарықтағы тұрғын үйді таңдауға құқығы пайда болады. Кейіннен тұрғын үй иесімен сату шарты бойынша келісім жасайды. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 18 миллион теңге.

Еске сала кетейік, бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ салаларының өкілдері қатысты. Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%. Сондай-ақ, бастапқы жарна-қарыз сомасының 10%-н құрайды.