Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Олар мереке өтетін жерде кезекшілікті жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

16-17 тамыз аралығында Баянауыл ауылы Мойылды шатқалында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, кітаптардың тұсаукесері, айтыс және ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевқа арналған үлкен бәйге өткізіледі.

Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері, өрт есептеулері мен Павлодар, Екібастұз қалаларының инспекторлары мереке өтетін жерде кезекшілік етіп, мерейтойды мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

ТЖД қызметкерлері кезекшілікті жүзеге асыру кезінде өрттің алдын алу жұмыстарын, оның ішінде ұйымдастырушылармен нұсқаулықтар, киіз үйлердің өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін тексеру, өрт туындаған жағдайда халықты іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ электр және газ аспаптарын пайдалану жұмыстарын жүргізеді.