Павлодарда тоғыз жасар қыз жол апатына түсті
Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодарда 14:00-де Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында Lada мен Lada Granta маркалы жеңіл автокөліктер соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі қыз бала зардап шекті. Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 14 және 9 жасар қыз баланы ауруханаға жеткізді.
– 14 жасар қызда оң жақ жамбас сүйегінің сынуы диагнозы қойылды, ал тоғыз жастағы қыз балаға мидың жабық жарақаты мен шайқалуы, сол жақ шынтағы көгеру диагноздары қойылды , – деді басқармада.
Ал таңғы сағат 11:05 Ак.Сәтбаев- Ак.Шөкин көшелерінің қиылысында Lada Granta мен Chevrolet маркалы автокөліктер соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеді. Бұл жағдайды да полиция зерттейтін болады.
Фото: Константин Шелков