Павлодарда екі күнге бірқатар тұрғын үйде су болмайды

Павлодарда екі күнге бірқатар тұрғын үйде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су құбырларды кесу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 1 желтоқсанда 9:00-ден 17:00-ге дейін Назарбаев даңғылы 6/2, 6/3, 4/2, 8, 8/2, 8/1, 8/3 үйлерде су болмайды. 

Сондай-ақ, 2 желтоқсан күні де су құбырын кесу жұмыстарына байланысты су өшіріледі. Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар сусыз отырады:

Нұркин көшесі, 66, 66/1, 64, 64/1, 66К2,62, 62/1, 61, 51, 53;

Байзақов көшесі, 141;

Абай көшесі, 115;

Шөкин көшесі, 90;

Б.Жырау көшесі бойымен Естайдан Шөкин көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер.