13 қазанда Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +2...+7°C аралығында болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Күндіз ауа температурасы +10...+15°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Аспанды ала бұлт торлап, жауын-шашын болмайды.
Күндіз сынап бағаны +11...+13°C-қа дейін көтеріледі. Аспанды ала бұлт торлайды. Жауын-шашын күтілмейді.