Қарағандылық қыз туралы ән Кенжекөлде шырқалады

Қарағандылық қыз туралы ән Кенжекөлде шырқалады
Фото: @madi_kadyrov_official

Мәди Қадыров ауылда өтетін кештің бас қонағы болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауыл әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні кешкі сағат 20.00-де Кенжекөл ауылдық округінің орталық алаңында жыл сайын жаз мезгілінде өтетін «Ауыл кеші қызықты» жобасының аясында алғашқы концерттік-би кеші ұйымдастырылады. 

Аталған шарада жергілікті жас әншілер өнер көрсетеді және ауылдың демеушілерінің қолдауымен Қазақстанның танымал әншісі Мәди Қадыров қатысады, – деді әкімдікте.

Айта кетейік, әншінің репертуарында «Девочка из города Караганда», «Гитарадағы хикая», «SUIMESENDE» және «Аппақ қар» сияқты танымал композициялар бар. Сондай-ақ, ол басқа әртістермен де жұмыс істеп, 2024 жылы «Гавайға» (Moohaa-мен бірге) және «Ne deiyn» (Mooha-мен бірге) әндерін шығарды.