Екібастұзда үй жанды

Екібастұзда үй жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше,  15 маусым күні сағат 21.33-те 101 пультіне Солнечный көшесінде үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

– Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде екі бөлмелі үйде 100 шаршы метр жанғаны анықталды, – дейді басқармада.

Тілсіз жау сағат 22:05-те ауыздықталып, сағат 22.15-те толығымен жойылды. 

Келтірілген шығын көлемі анықталуда.