Екібастұзда мыңдаған жас есірткіге қарсы акцияға шықты
Олар «Есірткіге жол жоқ!» тыйым салынған заттардың таралуына қарсы өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Акция аясында түрлі алаңдарда қолданыстағы заңнаманың нормаларын, есірткі заттарын таратудың және қолданудың салдарын түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары жастармен және еріктілермен бірге есірткі заттарын жарнамалайтын граффитидің көзін жою жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, жастарға арналған «Maxi mall» кинотеатрында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» фильмінің тегін көрсетілімі өтті.
– Есірткі – зұлымдық, бұл құбылыспен күресу – тек мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, сонымен қатар қоғамның әр мүшесінің міндеті. Біз бүкіл қоғаммен салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайтын болсақ, жастарымыздың болашағы зор болады, – деп атап өтті Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.
Мемлекеттік органдардың сындарлы жұмысы және қоғамның шешуші ұстанымы есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруда шешуші мәнге ие.