Павлодарлық оқушылар патриоттық әндер орындады

Байқауға екі жүзден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар білім бөлімінің экология және туризм орталығында «Әнім, жырым саған – туған ел» патриоттық ән байқауы өтті. Іс-шараға 29 жалпы білім беретін мектептің 2-11 сынып оқушылары, 5-6 жас аралығындағы сегіз балабақша тәрбиеленушілері қатысты.
– Байқауда қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, соғыс жылдарындағы әндерді білетіндіктерін көрсетті, отансүйгіштік, жеңіске жеткен соғыс қатысушыларына, еліміз, жарқын болашағымыз үшін мақтаныш сезімдерін білдірді, - дейді ұйымдастырушылар.
Мектеп жасына дейінгі балалар арасында № 112, 24, 35 балабақша тәрбиеленушілері үздік болды, екінші орынды № 42, 122, үшінші орынды № 53, 7, 15 балабақша командалары иеленді. Олар «Жеңіс, жеңіс ғаламат күн», «Батырлар ұраны», «Бейбіт күн тілегі», «Крылатые качели», «Жеңіс күні», «Туған жер», «Журавли», «Будет весна» әндерін орындады.
«Соло» номинациясы бойынша № 7, 38, 2, 18, М. Жүсіп атындағы, М. Әлімбаев атындағы мектеп қатысушылары бірінші орынды, Б. Момышұлы атындағы, № 36, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары екінші, № 41, 32, 11, С. Торайғыров атындағы мектеп оқушылары үшінші орынды иеленді.