Екібастұздық құтқарушылар тоғызыншы қабатқа өрмелеп, зейнеткерді құтқарды
Егде жастағы әйел еденде жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:09-да Екібастұз қаласының 112 пультіне жалғыз тұратын зейнеткер есікті аша алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді. Олар өрмелеу құралдарын пайдалану арқылы көпқабатты үйдің шатырынан тоғызыншы қабаттың балконына түсті.
Арнайы құралдардың көмегімен құтқарушылар балкон есігін ашты. Пәтердің ішіне кірген мамандар еденде жатқан әйелді көтерді.
Кейін зейнеткерді «103»-тің қызметкерлеріне тапсырды.