Павлодар облысында ирандық ірі компанияның өнімдері пайда болуы мүмкін
Асайын Байханов «Solico Group» компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Solico Group» – әлемнің 30-дан астам елінде азық-түлік өнімдерін өндіретін және сататын ирандық компания. «Kalleh», «Fmol», «Seven», «Koochin», «Majan» және тағы басқа брендтерімен 2000-нан астам өнім атауларын ұсына отырып, «Solico Group» Таяу Шығыстағы тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар біздің өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ирандық тарап ыңғайлы логистика және дамыған инфрақұрылым үшін Павлодар облысымен ынтымақтастықтың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін қарастыруда.
Келіссөздер барысында компания басшылығы өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерімен және инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен толығырақ танысты.
Фотоларды түсірген Валерий Бугаев