Шоу, қойылым: Павлодарлық жас өнерпаздар жазғы лагерьде қалай демалуда?
Бұл лагерь дәстүрлі түрде 18 жыл қатарынан ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, жыл сайын 16-30 маусым аралығында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде «Сириус» мектеп жанындағы бейіндік лагерінің маусымы ашылады. Осы жазда лагерьде 6-12 жас аралығындағы 200-жуық оқушы демалуда. Бағдарламаның мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу, жазғы демалыс кезінде шығармашылық қабілеттерін дамыту.
– Команда капитандары жасақ басшыларымен бірге балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Экипаждар» құрды. Лагерьде әндер шырқалып, әзілдер айтылды, шағын қойылымдар қойылды, ертегі кейіпкерлерімен ойындар өтеді. Біз кішкентай келушілердің жазғы демалысты лагерьде мағыналы өтуі үшін барынша тырыстық, – дейді бейінді лагерь бастығы, мектептің фортепиано бойынша педагогі Елена Поршнева.
Лагерь ауысымының жұмысы түрлі іс-шаралар түрінде 5 шығармашылық жоба бойынша ұйымдастырылған.
«Туған өлке» патриоттық жобасында қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерделеу мақсатында ұлттық салт-дәстүрлерді, билерді, әндерді пайдалана отырып, театрландырылған қойылым көрсетуге дайындалады және бағдарлама соңғы маусымның гала-концертінде көрсетіледі.
Жас өрендер «Түрлі-түсті лабиринт» көркем-шығармашылық жобасында тақырыптық суреттер мен стендтерді көркемдік безендірумен айналысады.
Музыкалық-білім беру жобасында бүлдіршіндер вокалдық-хор шығармаларын үйренуге, шоу-бағдарламаларға, конкурстарға, музыкалық ойындарға қатысады. «Тропикалық ойындар» спорттық-ойын-сауық жобасында спорттық іс-шараларға, квест ойындарына қатысады.
Би қимылдарына, салауатты өмір салтына және спортқа қызығушылықты қалыптастыру арқылы қозғалыс белсенділігін дамыту мақсатында «Sammer Dance» спорттық ойын-сауық жобасы іске асырылуда.