Ертіс жайылмалы алқабының авиаөңдеу алаңы 40 мың гектарға дейін ұлғаяды

Ертіс жайылмалы алқабының авиаөңдеу алаңы 40 мың гектарға дейін ұлғаяды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі ауданның өңдеу аймағы да белгіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, Ертіс және Ақтоғай аудандарында қансорғыш жәндіктерге қарсы алдағы дезинсекциялық жұмыстарға арналған кеңес өтті.

Кеңеске басқарманың, Ертіс және Ақтоғай аудандары әкімдігінің, ғылыми сүйемелдеудің өкілдері, сондай-ақ, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Ағымдағы жылы облыстық мердігер Ақтоғай ауданында 17 жағалаудағы ауылдық елді мекендерді тосқауылмен өңдеуді және 20 мың гектар жайылма аумақты авиациямен өңдеуді жүргізетін болады.

Ертіс ауданында өңдеу 12 жағалаудағы елді мекенді қамтиды. Сондай-ақ, Ертіс жайылмалы алқабының авиаөңдеу алаңын 40 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.