Жасыл түсте: Павлодарда сенбі күні экологиялық тимбилдинг өтеді

Жасыл түсте: Павлодарда сенбі күні экологиялық тимбилдинг өтеді
Фото: pexels.com

Қатысушылар тек жасыл түсті киімде келу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жасыл ел штабының хабарлауынша, 9 қыркүйекте таңғы сағат 09:00-де Усолка шағын ауданында (автомобиль көпірінен өткенде, сол жаққа) Jasyl Party атты экологиялық тимбилдинг болады. 

– Экологиялық ойындар мен жеке және топтық конкурстар өткізіледі. Экологиялық пикник - бұл ашық ауада демалу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған бастама. Іс-шара ойын-сауық сипатында ғана емес, сонымен қатар пластикті пайдалануды азайту, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратуға бағытталған ,– делінген хабарламада. 

Пикникке қатысушылар үшін Усолка шағын ауданының аумағына бару ұйымдастырылады.

– Бұл іс-шара дебютті болып табылады, себебі бұрын пикник жеке іс-шара ретінде ұйымдастырылмаған. Осыған байланысты «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтарының Павлодар штабы бұл іс-шараны неғұрлым дербес және бейресми форматта іске асыруға шешім қабылдады, – дейді ұйымдастырушылар. 

Тұрғындардан жасыл түсті киім киіп, өзімен бірге жеңіл тамақ алып келуді сұрайды.