Павлодарлық кәсіпорындар ғарыштан бақыланатын болады
Экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бірінші санаттағы кәсіпорындар шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге міндетті болады. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде көрсеткіштерді қадағалап, бұзушылықтарға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Павлодар облысында 15 кәсіпорын автоматтандырылған бақылау жүйесін орнатуға міндетті. Бұл жүйелер қазірдің өзінде төртеуінде жұмыс істеп, жалпы экологиялық базасына деректерді беруде. Тағы төрт мекеме құрал-жабдықтарды қосып, орнатуда. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков мәлім етті.
– Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының атмосфералық ауасының сапасына мониторинг Air.kz мобильді қосымшасының көмегімен деректерді бақылауға болатын стационарлық посттар желісі арқылы жүзеге асырылады. 2024 жылы қолайсыз ауа райы жағдайларының басталуына байланысты 13 дауылды ескерту тіркелді, – деді спикер.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтер барысында және «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК АҚ спутниктік суреттерінің көмегімен заңсыз қоқыс тастайтын орындар анықталуда. Ғарыштан түсірілген суреттер жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін түсіріліп, өткен жылғы деректермен салыстырылады.
Өткен жылы 167 заңсыз қоқыс тастайтын жер анықталса, биыл 205 анықталды. Оның 199-ы жойылып, қалған төрт қоқыс полигонға жер актісі толтырылған.