Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болады
Жаңбыр жиі жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 15 шілде күні жаңбыр және найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +29...+34°С көрсетеді.
16 шілде де жаңбыр мен бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +29...+34°С-ты болады.
17 шілдеде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +18...+23°С, ал күндіз +29...+34°С ыстық болады.
18 шілдеде жауын-шашын болады деп күтілуде. Сондай-ақ, найзағай мен бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +16...+21°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі.
19 шілде күні жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +23...+28°С болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды.
Сенбіде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +23...+28°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +14...+19°С, ал күндіз +21...+26°С болады.