Павлодар облысында өрт шыққан пәтерден ер адамның денесі табылды
Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде Конституция көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 101 басқару пультіне бүгін, 12 ақпанда сағат 03.02-де түскен.
Екі бөлмелі пәтерде он шаршы метр аумақта жиһаз жанған.
- Құтқарушылар пәтердің ішін барлау кезінде 1964 жылы туған ер адамның денесі табылды. Тілсіз жау сағат 04.14-де сөндірілді, - деп хабарлады өрт сөндіру қызметінде.
Оқиға орнында № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеді.