Павлодарда кәмелетке толмаған баланы көлік қақты
Жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 тамызда Ак. Бектұров көшесі бойында Toyota Camry 40 автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.
Ал 4 тамызда Баянауыл ауданы Ақсан ауылының шетінде НОNGYA мотоциклінің кәмелетке толмаған жүргізушісі қозғалысқа ие бола алмай, аударылып жолға түсті.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Көліктер айып тұрағына қойылды. Полиция сараптама тағайындады, тексеру жүргізілуде.