Павлодарда қайда жарық болмайды

Ағаш кесу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Лесозавод шағын ауданы;
- Ақжол, 3-ші өтпе жол, Новоселов, Суров, Әуезов, Гайдар, Малиновая, Клубничная көшелері бойындағы тұрғын үйлер;
- «Ертіс» бақшасы;
- Ак. Шөкин көшесі, 170/1;
- Қамзин көшесі, 64, 66, 69/1, 70, 70/1, 72, 72/1, 114/1, 118, 130/2, 132;
- Циолковский көшесі, 13, 15, 16/1, 17, 18, 19, 19/2;
- Расковая көшесі, 5/1, 7/1.