Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Өңірдің кей жерлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ болады деп болжануда. Күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Батыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.