Павлодарда кәсіпорын аумағында битум жанды

Павлодарда кәсіпорын аумағында битум жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің шығу себебі анықталуда,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– 31 тамыз күні сағат 12:27-де Павлодар қаласының Цолковский көшесінде өрт шыққаны туралы «101» пультіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер кәсіпорындардың бірінің аумағында битумның жануын жедел түрде сөндірді. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді құрады, - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.