Павлодарда үш жеңіл көлік соқтығысты

Павлодарда үш жеңіл көлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Жүргізушілердің бірінің жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 тамыз күні сағат 00:00 шамасында Н.Назарбаев даңғылында «Geely» автокөлігіңнің жүргізушісі «Volkswagen» және «Opel» автокөліктерімен соқтығысқан. 

– Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу барысында «Geely» автокөлігі жүргізушісінің куәлігі жоқ екені анықталды, – деді департаментте.

Көліктер айып тұрағына қойылды. Тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды.