Павлодарлық тұрғын жұмыстан кейін асфальтта ұйықтап қалды (ВИДЕО)
Тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде патрульдеу кезінде асфальтта ұйықтап жатқан адамды байқады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам жұмыстан кейін әріптестерімен бірге ішкен, ал асфальтта қалай ұйықтап қалғаны есінде жоқ.
– Сондай-ақ Естай көшесіндегі үйдің тұрғындарынан бесінші қабатта ер адамның жатқаны туралы шақыру түсті. Полицейлер оқиға орнына келгеннен кейін 1988 жылы туған ер адамды анықтады. Оның айтуынша, ол жақында ұлды болған. Ішіп алған соң үйіне бармауды шешіп, таңертеңге дейін подъезде ұйықтай салған. Ер адамдар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Оларға ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Максим Кустанов.
Тәртіп сақшылары мас азаматтарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізеді, ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырады. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының нормасы қоғамдық тәртіп пен адамгершілікті қорғауға, мас күйінде өздері мен айналасындағыларға төндіретін қауіпті жоюға бағытталған. Бұл баптың санкциясы бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда айыппұл мөлшері екі есеге артады. Бірінші жаза қолданылған сәттен бастап бір жыл ішінде екі рет жауапқа тартылған адамдар 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыстың 1259 тұрғыны қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны немесе алкоголь ішкені үшін жазаланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram