Павлодарда сайлаушыларды бауырсақпен қарсы алуда (ВИДЕО)

Павлодарда сайлаушыларды бауырсақпен қарсы алуда (ВИДЕО)

Қала тұрғындары дауыс беруге отбасыларымен бірге келуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы №60 және № 67 сайлау учаскелерінде дауыс беруші азаматтарды ұлттық дәммен қарсы алуда. Ұйымдастырушылар бұл Әз Наурыз мейрамы қарсаңында еліміздің әрі қарай бақуатты болуын тілегеннен туған әрекет екенін айтады. 

Аталған екі сайлау учаскесі Қамзин көшесі, 62/1 мекенжайы бойынша, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектепте орналасқан.

– Мен бүгін өз учаскемде алғашқылардың бірі болып дауыс бердім,  –  дейді Жанболат Омаров. – Біз бүкіл отбасымызбен болашағымыз үшін, таңдаған партиямыз үшін, Қазақстанның болашағы үшін өз дауысымызды беруге келдік.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері таңғы жетіде ашылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @pavlodarnews.kz