Павлодарлық кандидаттар емтихан тапсыру үшін академияға аттанды
Барлығы жеті кандидат анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар мектептері арасында «Өрт сөндіруші құтқарушы» мамандығы бойынша оқуға түсу үшін іріктеу нәтижесінде ТЖ департаментінің қызметкерлері емтихан тапсыру үшін Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсетін жеті кандидатты анықтады.
– Үміткерлерге М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына бару және жету шарттары түсіндіріліп, нұсқаулық берілді, – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Гранттар жыл сайын аймақтар бойынша бөлінеді. Курсанттар төрт жыл оқықаннан кейін Павлодар облысына оралып, жұмысқа орналасады.
ТЖ департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің сүйемелденуімен үміткерлермен бірге жолға шықты.