Павлодарда бұрын сотталған азамат ұрлық жасап, қолға түсті

Павлодарда бұрын сотталған азамат  ұрлық жасап,  қолға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол құрылыс құралдарын қолды қылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысының жедел уәкілдері облыс орталығының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам  терезе арқылы жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, құрылыс құралдарын ұрлаған.

Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін істі болған. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Пәтер ұрлығы мүліктік қылмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Біз қаскөйлердің әрекет ету тәсілдерін, соның ішінде тұрғын үйлер мен пәтерлерге кіру жолдарын жүйелі түрде талдап отырамыз. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Әсіресе, есіктерді, көп қабатты үйлердің төменгі қабаттарындағы пәтерлер терезелерді ашық қалдырмауға, сондай-ақ мүмкіндік болған жағдайда бейнебақылау немесе дабыл жүйелерін орнатуға кеңес береміз, – деді  облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында пәтерлерге түскен 6 ұрлық дерегі тіркеліп, олардың барлығы жедел қызметкерлермен ашылған.