Павлодарлық полицей қоян-қолтық күрестен чемпион атанды

Павлодарлық полицей қоян-қолтық күрестен чемпион атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ержүрек әйел 16 жасынан бастап спортпен айналысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев қоян –қолтық күрестен чемпион атанған Павлодар қаласы полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы Мадина Жұмабаеваны құттықтады.  

– Мадинаның алтын медалі – спортшылар мен әріптестер үшін үлгі. Бұл жеңіс мансаптағы табысты жетістіктердің бастамасы ғана.Сізге зор денсаулық, сәттілік, қызметте табыс және жаңа жеңістер тілеймін. Сондай-ақ, спортқа деген сүйіспеншілік пен адалдықты сіңіргені үшін ата-анаңызға алғысымды білдіргім келеді, – деп құттықтады  Жандос Орынбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу қаласында «Достық кубогы 2025» жекпе-жегінен әлем кубогының кезеңі өтті. Бұл кубокқа Мәдина Жұмабаева қатысып, онда әйелдер арасында «өзін-өзі қорғау» пәнінде жоғары жауынгерлік қасиеттерін, дене шынықтыру мен техникалық дайындықтың тамаша деңгейін көрсете отырып, ол алтын медаль жеңіп алып, жеңіске жетті.

– Ерік –жігер мен көптеген сағаттық жаттығулар мені баршаға танытты-менің қорымда алтын медаль. Мен мұнымен тоқтап қалмауға тырысамын және әр уақытта өз мақсатыма сенімді түрде қол жеткіземін, – дейді Мадина.

Айта кету керек, Мадина Жұмабаева 16 жасынан бастап спортпен айналысады. Бүгінде ол бокстан спорт шеберіне кандидат, қоян-қолтық күреспен айналысады және жарыстың барлық кезеңдерінде жүлделі орындарға ие.