Павлодарлық сарбаздар мереке көркін қыздырды
Олар қыздар қауымына кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
5512 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі Дана Мұқаеваның мәліметінше, Ұлттық ұланныңсарбаздарықала тыныштығынкүзетумен қатар, айтулымейрамдарға даөзіндік үн қосып келеді.Мерзімді әскери қызметшілер,әсіресе, сегізінші наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінің көркін қыздырып, көпшілік қауымға ерекше әсер сыйлады.
Ұландықтармерейлі мереке аясында Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың нәзікжанды арулары үшін әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды. Шараға кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары, сондай-ақ жергілікті педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
– Сарбаздар орындауындағы әрбір шығарма құлақтан кіріп, бойымызға дарығандай. Өз басым өнерлі ұландықтардың әдеби-сазды кешін алғаш рет тамашалаудамын. Осы орайда, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөліміне алғысым шексіз. Алдағы уақытта да, әскери бөлімнен жағымды жаңалықтар күтетін боламыз, – дейді кітапханаларды дамыту бөлімінің сектор басшысы Маия Исакаева.
Отан қорғаушылар ана, әйел тақырыбын арқау еткен белгілі туындылардыжұртшылықназарына паш етті.Әсіресе, мәнерлі дауысыменжұртшылықтыбаурап әкетіп,көрермен көзайымына айналған қатардағы жауынгер Ерасыл Әсетұлы болды.Өскемен қаласынан шақыртылған мерзімді әскери қызметші орындауындағы«Ана туралы жыр», «Сен сұлу» әндеріне тамсанған жұртшылық қатардағы жауынгерденбар қошеметін аямады.Көрермен қауымның ыстық ықыласына ие болған ұландықмереке ажарын ашатын заманауи әндерді гитарамен нақышына келтіріп орындап, кеш шырайын одан сайын қыздыра түсті.