Павлодарлық әнші Мәскеуде ән салды (ВИДЕО)
Айгерім Темірбаева «Туған жер» әнін орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Наурыз мерекесіне арналған концерт Мәскеу Ұлттар үйінде өтті. Көрермендер алты сағат бойы ұлттық диаспоралардың танымал әртістері мен ұжымдарының және солистердің қойылымдарын, танымал адамдардың құттықтауларын тамашалады.
Концерттік бағдарламаға Ресей елі мен Адыгея, Дағыстан, Шешен Республикасының еңбек сіңірген әртістері мен халық әртістері, хореографиялық ансамбльдер, музыкалық театрлар қатысты. Қазақстанды Павлодар облысының тумасы Айгерім Темірбаева «Туған жер» әнімен таныстырды.
Айгерім Темірбаева Павлодар қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Мәдениет қайраткері Жанайхан Еркіннің жетекшілігімен академиялық ән айту бойынша оқуын сәтті аяқтады. 2022 жылы Гнесин атындағы Ресей музыка академиясында магистратураны үздік бітірді. Бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты (Dionis, Kazakhstan stars Astana, Star Way, Euro Music, «Шығыс жұлдызы»). Опера театры-студиясы спектакльдерінің қатысушысы. 2020 жылдан бастап балалар мен ересектер үшін оқытушылық қызмет атқарады.
Былтыр Мәскеуде «Достық әуені» атты шығармашылық алғашқы жеке концертін өткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram