Павлодарлық спортшылар Орталық Азия чемпионатынан жеңіспен оралды
Жарысқа алты құрама қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алматыда гандболдан U-18 жас санатында IHF Tropfy - Орталық Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Н.С.Ефимовтің басшылық жасауымен өңірлік құрама финалда Өзбекстан құрамасына жол беріп, 2-орынға ие болды. Аталмыш құрама сапында павлодарлық №2 ОРМБЖМ-нің 7 тәрбиеленушісі өнер көрсетті.
Айта кетейік, жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Өзбекстан командасы, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Түркіменстан спортшылары иеленді.