«Ертіс» чемпионат көшбасшысынан ұтылды

«Ертіс» чемпионат көшбасшысынан ұтылды
Фото: «Ертіс» ФК

Павлодарлықтардың жеңісті сериясы Ақтауда үзілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 21-ші туры аясында «Ертіс» чемпионаттың көшбасшысы «Каспиймен» ойнады. Жеңіске жеткен жағдайда павлодарлықтар алға шығатын еді, бірақ олай болмады: Ринат Алюетов 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Стадион мінберінен жанкүйер Наталья Рябоконьнің қолдауын атап өткен жөн. Павлодар тұрғыны балаларымен бірге жерлестерін қолдау үшін ұзақ сапарға аттанды. Бұл әрекет барлық мақтауға тұрарлық. Футболшыларға келсек, олар туралы бұлай айта алмайсың. Команда сылбыр көрінді, ойыншылар тым тұрпайы әрекет етті, шабуылдар «кітаптағыдай» көрінді.

Матчтың басында павлодарлықтар допқа бақылау орнатуға тырысты. Алайда, шебер жартылай қорғаушылар Әбинұр Нұрымбет, Арман Кеңесов, Мұхамед Еңсебаев та, жалғыз шабуылшы Матвей Герасимов те мұны істей алмады. Бірінші таймның ортасына таман ақтаулықтар жылдамдығын күрт арттырып, «Ертіс» қорғанысының тоз-тозын шығара бастады. Біразға дейін сәттілік павлодарлықтарға серік болғанымен, бұл да ұзаққа созылмады.

Тағы да «Ертіс» шәкірті Мирас Тұрлыбек туған командасын жерге қаратты. Павлодарлық ойыншы сол қапталдан келген допты қақпаға дәл бағыттады. Форвард өзінің туған клубына құрмет көрсетіп, голды тойламады.

Бірақ бұл «Ертісті» жеңілістен құтқара алмады. Екінші таймның басында Бақдәулет Көңлімқос есепті еселеді. Осылайша, павлодарлықтар екінші орында қалды, бірақ қазір «Каспиймен» ұпай айырмасы беске артты.

Команда келесі кездесуін өз алаңында өткізеді. 19 қыркүйекте «Ертіс» өз алаңында «Түркістанды» қабылдайды.