Павлодарда кёкушинкай каратеден мықтылар анықталды

Еліміздің он облысынан 650 қатысушы бес татамиде жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Бірлік» жекпе-жек сарайында «ВКОКК» РОО облыстық филиалдың ұйымдастыруымен жекпе-жектен XVII республикалық турнир өтті.
– Жарыста барлығы 80 категория болды. Оның ішінде 32 категория қыздар, жас аралығы 4-18 жасқа дейін және ересектер күш сынасты, – Кекушинкай карате бойынша облыстық филиалының директоры Арман Исатаев.
Оның айтуынша, сайысқа Ақмола, Қарағанды, Жетісу, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары, Шымкент қаласы және өңіріміздің спортшылары қатысты.
Жалпы командалық бағалау да бірінші орынды Қарағанды қаласы еншісіне байлады. Екінші орынды Жетісу облысы иеленсе, үшінші орынды Ақмола облысы жеңіп алды.
Жеңімпаздарға кубок, медаль және медаль ілгіш табысталды.