Қазақстандық боксшы қыз Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Ол жартылай финалда қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды.50 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.
– Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да осыны бір-бірімізге тіледі. Жеңсем де, жеңілсемде қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рақмет айтамын. Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын,– дейді боксшы Назым Қызайбай.
Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр.