Тыйым салынған жерден өткен: Екібастұзда әйелді көлік қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусым күні сағат 17.35-те М. Әуезов көшесінде «Болашақ» сауда үйіне қарсы аумақта «Тойота Авенсис» маркалы көліктің жүргізушісі 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
– Әйел адам жолдың тыйым салынған бөлігімен өтіп бара жатқан. Салдарынан жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті, – деді департаментте.
Жол апаты бойынша тексеріс жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Еске сала кетиейік, 2023 жылдың басынан бері 4272 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Оның 54-і ЖКО қатысушылары, салдарынан 9 адам қаза тауып, 47-сі түрлі жарақат алды.