Павлодар ауданында құрғақ шөп жанды

Барлығы 70 адам және 24 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сәуірде Ертіс өзенінің жайылмасында, Мичурин – Черноярка ауылдарының арасында құрғақ шөп жанды.
Өртті жоюға ТЖД, Жаңаауыл орманшылығы, жергілікті атқарушы органдары, ерікті өрт сөндіру жасақтарының күштері мен құралдары тартылды.
Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде тілсіз жау сағат 18.19-да екі га алаңда жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.