Успен ауданында ер адам жоғалып кетті
Бағдарынан жаңылған тұрғын Қаратай ауылында тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілерінің мәліметінше, 1973 жылы туған Құланберген Кисибаев анасымен бірге тұрған. Шамамен түнгі сағат бірде белгісіз бағытта үйінен шығып кеткен.
– Ол бұған дейін де үйінен кетіп жүргенде ауылдан 10 шақырым жерде, 700 шақырым қашықтықта басқа қаладан табылған. Басқаларға қауіп төндірмейді, алкоголь ішпейді. Қайда тұратынын ұмытып қалады, медициналық көмекке мұқтаж, – дейді еріктілер.
Ер адам қара қысқы куртка, қара шалбар, жазғы кроссовка, қара қалпақ киген. Бойы – 1,70 см. Успен трассасының бойында көлік тоқтатуға тырысып, бір жерге апаруды сұрауы мүмкін.
Еріктілер Құланберген Кисибаевты іздеуді жалғастыруда. Іздеушілер ұйымында Успен трассасының бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарынан, сондай-ақ аталған жолмен жүретін автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларынан көмек сұрайды. Егер де оны көрген адамдар болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарласа алады.