Екібастұздық шебер: 10 метрлік функционалды робот жасауды жоспарлап жүрмін

Екібастұздық шебер: 10 метрлік функционалды робот жасауды жоспарлап жүрмін
Фото: автор

Шебердің қолынан шыққан туындылардың санында есеп жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Думан Шаймергенов ешқашан арнайы оқудан өтпеген. Бірақ бес жасынан бастап вагондар құрастырып, көпірлер салған. Қазір 63 жаста, бірақ оның қолынан шыққан туындылардың санында есеп жоқ: кареталар, шынжырлы сауыттар, фантастикалық рюкзактар, роботтар. 

Кезінде МАЭС-2-де жұмыс істеп жүргенде алғаш рет өмірінде қардан жасалған мүсіндер қалашығын салып, бүкіл кентті таңғалдырған.

Бірінші каретасын да чертежсіз, тек қиялымен жасаған. Кейін оны шетелдік туристер «Австрияда да карета көп, бірақ бұндай сұлулығын көрмеппіз» деп жоғары бағалаған.

 Бүгінде ол сауыт, миниатюралық қару, болаттан жасалған картиналар, жәндік пішінді рюкзактар мен жарнамалық роботтар жасап жүр. 

– Көпшілік шеберлер бір-екі салада ғана жұмыс істейді. Ал мен оннан астам бағытта жасаймын. Олар сауыттар, бұйымдар, костюмдер, тіпті роботтар. Өйткені менің жадымда тоқтау деген жоқ. Болашақта10 метрлік функционалды робот жасауды мақсат етіп қойдым, – дейді Думан Шаймергенов.

Шебердің қолынан шыққан туындылар – қазақ шеберлігінің жаңа биігі. Ол – тарих пен заманауи технологияны біріктірген адам.

Қазір оған тек бір ғана нәрсе керек – қолдау мен қаржы. Ал идея мен еңбек – жетіп артылады