80 мыңнан астам қазақстандық Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады
Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың аватарларына тақырыптық рамка орнату бастамасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
referendum2026.kz сайтының мәлімдеуінше, бүгінде 15 наурызға белгіленген жалпыұлттық референдум қарсаңында өз азаматтық ұстанымын жария түрде білдіріп, акцияға 88 мыңнан астам адам қосылды.
Twibbonize.com ашық платформасында арнайы «referendum2026» твиббоны жүктелді. Бірнеше күн ішінде өсу қарқыны бойынша ол ТОП-1 қатарына кіріп, сервистегі ең көп қолданылған твиббонға айналды. Сондай-ақ платформада басқа да бастамашылық акциялар орналастырылған. Қазіргі уақытта қолдаушылардың жалпы саны 88 мың адамға жетті.
Жаңа Конституция жобасын қолдайтын азаматтар саны күн сайын артып келеді. Онлайн-белсенділікке танымал қазақстандықтар да акцияға қосылды - блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, Сидней Олимпиадасының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Василий Левит, еңбек сіңірген өнер қайраткері Қаракөз Сүлейменова, музыкант Абай Бегей, продюсер Ренат Басит, «Дервиши» тобының солисі Дильмурат Бахаров, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актер Ерболат Төлеген және басқа да көптеген тұлғалар.
Бұл бастама Қазақстанның әр өңіріндегі пайдаланушыларды біріктіріп, азаматтардың ел болашағын талқылауға қатысуының жоғары деңгейін