Асайын Байханов православ қауымына құттықтау жолдады

Асайын Байханов православ қауымына құттықтау жолдады
Фото: Константин Шелков

Ол аймақ тұрғындарына денсаулық, бейбітшілік пен амандық тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде православ христиандарының ең маңызды мерекелерінің бірі – Пасха аталып өтуде. Аймақ басшысы тұрғындарды осы жарқын мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Құттықтауда бұл мерекенің адамдар жүрегіне сенім, үміт пен сүйіспеншілік ұялататыны, ізгі істерге жетелеп, мейірімділік пен өзара көмекті нығайтатыны атап өтілді. Сонымен қатар, Павлодар өңірі әрдайым ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі болып келе жатқанына ерекше назар аударылды.

– Ертіс-Баян өңірі қашанда келісім мен өзара құрметтің үлгісі болып келеді. Мұнда әртүрлі ұлт пен дін өкілдері бейбітшілік пен татулықта өмір сүреді, ал дәл осы бірлік өңірімізді одан әрі нығайтып, тұрақты етеді, – деді Асайын Байханов.

Облыс басшысы аймақ тұрғындарына зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеп, Пасха мерекесі әр шаңыраққа қуаныш, жылулық пен береке әкелсін деген ниет білдірілді.