Ертіс өзенінің жайылмасы шыбын-шіркейге қарсы жаяу өңдеуден өткізіледі
Зиянкестермен күресушілер облыс жайылымдарына бақылау жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, ғылыми топтың ұсынысы бойынша 11 мамыр күні сағат сағат 10:00-ден бастап Ақтоғай ауданының АК-3,4,7 әуе өрістеріне авиаөңдеу жүргізіледі. Мердігер – «QSM Engineering» ЖШС.
Сонымен қатар, сағат 10:00-ден бастап Ертіс өзенінің жайылмасының сол жағалауын жаяу өңдеуден өткізеді.
Дәл осы уақытта зиянкестермен күресушілер Павлодар, Ақсу, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының жайылмаларына фенологиялық бақылау жүргізеді. Ғылыми зерттеу жұмыстарына жауапты – «ТЕК.А.ТЕК.KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы.
Жұмыстың барлығы тапсырыс беруші мен ғылыми сүйемелдеу мамандарының тікелей қатысуымен жүргізілуде.