Павлодарда мото-маусым жабылды
Мотошеруге қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірге облыс орталығының көшелерімен мотошеру өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Олар барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
– Бұл оқиға тек мотоцикл жүргізушілері үшін ғана қызықты болған жоқ. Фестивальді тамашалауға көптеген павлодарлықтар мен көрші қалалардың тұрғындары келді. Қала тұрғындарына жолдағы жүріс-тұрыстың қарапайым ережелері мен жол қауіпсіздігін сақтау туралы тағы бір рет еске салу үшін байкерлермен бірге қала ішінде жүріп өттік, – дейді қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Дүйсекенов.
Оның айтуынша, жол апатының басым бөлігі жаяу жүргіншілердің ереже сақтамауынан орын алады. Себебі, көбінесе жол-көлік оқиғасына көшені бағдаршамның қызыл сигналына немесе жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтетін жаяу жүргіншілер кінәлі болады.