Ақтоғайда үздік баннерлер байқауына эскиздер қабылдау мерзімі ұзартылды

Ақтоғайда үздік баннерлер байқауына эскиздер қабылдау мерзімі ұзартылды
Фото: pexels.com

Бір ай бұрын аудан тұрғындары арасында шығармашылық байқау жарияланған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Актоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, «Үздік баннер эскизі» атты байқауының мерзімі ұзартылды. Өтінімдер 20 қаңтарға дейін қабылданады. Оған әртүрлі жастағы аудан тұрғындары қатыса алады.

Еске сала кетейік, тұрғындар эскизде танымал тұлғалардың суретін немесе Президенттің тіл туралы ұлағатты сөздерінен үзінді орналастыру керек. Ең үздік баннер эскизі ауданымыздың көшесінде ілінетін болады.

Байқаудың материалдары CorelDraw және jpg/png форматында  ovpakt@mail.ru электронды поштаға жолдау керек.  Нәтижелері @aktogai.is.j.tdb инстаграм парақшасында жарияланады.